Астанада шинкиокушинкай каратэ бойынша VI әлем чемпионаты өтеді

Астанада 28 маусым мен 6 шілде аралығында «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырлыған көрме шеңберінде шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионаты өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Шинкиокушинкай каратэсі – жылдан жылға дамып келе жатқан спорттың танымал түрі. Каратэнің бұл түрінде спорттық кездесулер (кумитэ) қорғаныш жабдықтарынсыз (шлемдер, қолғаптар) өтеді. Ойын барысында тек бастысы қолмен соғуға тыйым салынады. Қарсыластары бір-бірін тепкілеп, жұдырық жұмсап, соққыға жығып төбелесетін шинкиокушинкай каратэсін қызыға тамашалайтын көрермендері жетерлік.

World Karate Organization Shinkyokushinkai (Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясы, әрі қарай – ДШКФ) президенті Кенджи Мидори ДШКФ-ның басты мақсаты толық байланыстағы каратэнің кереметтігін әлемге танытып, болашақта спорттың бұл түрін одан әрі дамыта түсу екендігін атап айтты.

Шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионатына Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясының талаптарына сай іріктеуден өткен Ұлттық федерациялар өкілдері қатысады.
Жарысқа 4 түрлі салмақ дәрежесінде спортшылар қабылданады:
Еркектер (-65 кг, -75кг, -85 кг, +85 кг)
Әйелдер (-50кг, -55 кг, -60 кг, +60 кг).

Бүгінде Қазақстан федерациясы Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып және Астана қаласы спорт басқармасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қолдауымен аталған жарысты өткізуге дайындық жұмыстарын бастап кетті.

«EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде маңызды спорттық іс-шаралардың бірі шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионаты өтеді. Бұл – рух күшін тепе-теңдікте үйлестіріп, қатысушының соңына дейін күресуіне мүмкіндік беретін спорттың кең танылған түрі. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының қатысқанына көп болған жоқ, алайда жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Аталған халықаралық әлем чемпионатын өткізу – Қазақстан жастарының бұл спорт түріне деген қызығушылықтарын тағы да арттырып, соның нәтижесінде чемпиондар пайда болады деген үміттемін», — дейді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,VI әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Владимир Ким.
Әлем чемпионатына 48 елден бес жүзге тарта адам келеді, оның ішінде екі жүзге жуық спортшылар, екі жүзден аса бранч-чифтер, сонымен қатар арнайы шақырылған төрешілер және жоғары лауазымды қонақтар да қатысады деп күтілуде.