Спорт

Астана әлемнің ТОП-20 спорт қаласының қатарына енуге үмітті

«Қазіргі уақытта «Global sports cities index – 100 Top» спорт қалаларының басты индексі рейтингінде  Астана 61-ші орында», деп хабарлайды Elorda.info.

«Біз жыл сайын Астанада ресми түрде 10-нан кем емес спорт шарасын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы және өзге де елордада спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар бізге таяу жылдары әлемнің 20 спорт қаласының қатарына енуге мүмкіндік туғызады», — деп мәлім етті  Elorda.info-ға Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Қазіргі уақытта Sportcal спорт саласындағы ірі британ консалтингтік агенттігінің «Global sports cities index – 100 Top» спорт қалалары бас индексінің рейтингісіне сәйкес Астана 2016 жылы әлемнің 610 қаласының ішінде 61-ші орынды иеленді.

Ал, Алматы –  27-ші орында.


comments powered by HyperComments
Close