«А» тобы бойынша хоккейден әлем чемпионаты Астанада өтуі мүмкін

Келесі жылы бірінші дивизиондағы «А» тобы бойынша хоккейден әлем чемпионатында үздіктердің екі жолдамасына Словения, Италия, Қазақстан, Польша, Венгрия және Ұлыбритания құрамалары таласатын болады, деп атап өтті хоккей порталы. «Шайба.kz-ке» сілтеме жасаған Elorda.info осылай деп хабарлайды.

Жоғары дивизионнан Словения мен Италия түсіп, бірінші дивизионның «В» тобына Ұлыбритания көтерілді.

«Әлем чемпионатының өтетін орны мен уақыты кейінірек анықталады. Турнир Астанада өтуі де мүмкін», — делінген жарияланымда.