Саясат

Ұлыбритания премьері Астанада Сирия бойынша өткен келіссөздердің нәтижелерін құптады

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сирия аумағында деэскалация аймағын құруды құптады, деп хабарлайды Elorda.info ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы сейсенбі күні Біріккен Корольдік үкіметі басшысының баспасөз қызметі оның Түркия президенті Тайып Ердоғанмен телефон арқылы болған әңгімесінен кейін хабарлады.
«Премьер-министр Астанадағы келіссөздер кезінде жасалған ілгерілеуді құптады және Түркияның деэскалация аймағын жасауға ықпал етудегі конструктивті роліне жоғары баға берді. Ол ауқымды саяси үдеріспен байланысты келіссөздердің маңыздылығын атап өтті», — делінген Мэйдің баспасөз хатшысының хабарламасында.
4 мамырда Ресей, Иран мен Түркия делегациялары Астанадағы келіссөздер кезінде Сирия аумағында төрт деэскалация аймағын құру туралы уағдаласқан болатын. Бұл аймақтарға Идлиб провинциясы мен көршілес Алеппо, Латакия мен Хам провинцияларының біраз бөлігі, Хомс қаласының солтүстік ауданы, сондай-ақ Шығыс Гута және Дераа мен Эль- Кунейтра оңтүстік провинциялары кіреді. Келісім 6 мамырдан бастапбұл аймақтарда әскери белсенді қимылдарға, оның ішінде авиация ұшуларына да тиым салынады. Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі Астанадағы келісімге қол қойылуы «Ислам мемлекеті» және «Джебхат ан-Нусра» (РФ тиым салынған) лаңкестік топтарына қарсы күресті тоқтатуды білдірмейтінін атап көрсеткен болатын.

Close