Саясат

Екі министірлік қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Коррупцияға қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі қызметкерін пара алу үстінде ұстады. Ведмоствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек Су ресурстары комитетінің экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алулар кезінде қатысушылардан жеңімпаз деп танылғаны үшін және келісім бойынша есеп-қисапты жылдамдатқаны үшін жежүйелі түрде пара алып келген.Кезекті 4,3 млн теңге ақша алу үстінде М.К Мырзатаевтың қылмысы әшкереленді. «Сонымен бірге қазанның 9-ы күні М.К Мырзатаев өздері қолдау көрсетіп жүрген мердігер ұйымның мүддесін қорғап, тендер нәтижелерін кейінге қалдырғаны үшін Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сарапшысы Е.Б. Медеубековке 1 млн теңге параны берген» делінген хабарламада.

М.К. Мырзатаев және Е.Б Медеубеков сол күні қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Close