ЖаңалықтарҚоғам

Сәулетшілер Мемлекет басшысына бас қала құрылысының жоспары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Елорда инфо Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы жол-көлік және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жолдардың және қала тұрғындарына арналған демалыс орындарының құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


comments powered by HyperComments
Close