ЖаңалықтарЭкономика

Ректор ауылшаруашылық саласы бойынша білім алған студенттерді салада үш жылға тәжірбиеден өткізуге ұсыныс айтты

Бүгін ҚР Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды одан әрі жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бірқатар мәселелер қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ, 2017–2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығының басымдықты бағыттарын дамыту және АӨК-ке мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталары әзірленді, деп хабарлайды Елорда инфо ҚазАТУ-дың баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.

2017-2021 жылдарға арналған АӨК (аграрлық өнеркәсіптік кешен) дамыту мемлекеттік бағдарлдамасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығының басымды бағыттарын дамыту және АӨК–ке мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталары әзірленді. Отырыста С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев баяндама жасады.

Баяндамада ауыл шаруашылығын дамыту үшін алдымен ғылымды дамыту керектігі жөнінде бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде ҚазАТУ-ды ғылыми-зерттеу университеті ретінде құру қажеттігі турасында айта келіп, университет базасы ғылыми тұрғыдан бұл іске дайын екендігін жеткізді.

Ректор өз сөзінде:

«Дәл қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытатын нақты ресурстарды анықтап, нақты пайдасын әкелетін зерттеулерді қолдау керек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында білім алып жатқан студенттер мен болашақ мамандарды ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеден өткізіп, кем дегенде үш жыл мерзімінде аталмыш салада қызмет жасау жолдарын да қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ауыл шаруашылығы саласы мамандарының сапасы артып, мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың босқа кетпегендігі болар еді,- деді.

Ақылбек Күрішбаев бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мамандарын оқытып жатқан кейбір білім ордаларының базасы осы салаға мүлде сай келмейтіндігін тілге тиек етті.

Айтуынша, олардың базасы ауыл шаруашылығы саласын оқытуға қауқарсыз. Сондықтан ауыл шаруашылығы мамандары тек арнайы білім беретін ЖОО ғана оқып білім алулары керек. Ол оған ҚазАТУ-дың толықтай дайын екенінде айтты. Тек мемлекет тарапынан қолдау болса шет елдердегі Калифорния Дэвис университеттері тәрізді бір ізді ғылыми университет болуға даяр екендігін жеткізді.


comments powered by HyperComments
Close