ЖаңалықтарЭкономикаҚала тіршілігіӘкімдік

ҚР Премьер-министрі «Нұр Әлемді» аралады

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралык мамандандырылған көрмесінің бас ғимараты болған «Нұр Әлем» нысанында болды. Үкімет басшысы мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ғимараттың 8 қабатына шығып, Астананың болашағы жөніндегі экспонаттарды аралап шықты, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі.

Ахметжан Есімов Премьер-министрге ЭКСПО-2017 аумағының алдағы жоспары туралы баяндады. Айта кету керек, ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы «Нұр Әлем», Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды бірқатар нысандар туристік орын ретінде қайта ашылды. Бұл тұрғыда астаналықтар мен қала қонақтарына 11-12 қараша күндері туристік орындарды тегін аралауға мүмкіндік қарастырылған.

Ал ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы басқа ғимараттар «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық ІТ-сараптар технопаркіне берілмек.


comments powered by HyperComments
Close