ЖаңалықтарҚылмыс және оқиғалар

Қолға түскен есірткі сатушылардан 15 келі «гашиш» табылды

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Есірткімен күрес басқармасы қызметкерлері арнайы жүргізген операция кезінде елорда аумағына есірткі жеткізіп, оны сатумен айналысып жүрген бір топ адамдардың жолын кесті, деп хабарлайды Елорда инфо.

Шұғыл іздестіру әрі кешенді ұйымдастырылған іс-шаралар барысында топ жетекшісі және есірткі заттарын негізгі жеткізуші, бұрын да осындай қылмысы үшін істі болған Д. есімді 1982 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны қолға түсті.

Сонымен қатар, Есірткімен күрес басқармасы қызметкерлері қаладағы оның сыбайластарын да анықтап, есірткі сату мен сақтауға қатысы бар деген күдікпен 37 және 39 жастағы елорда тұрғынын қамауға алды. Тінту кезінде олардың мекенжайларынан құпия жасырынған жалпы салмағы 15 келі «гашиш» табылды.

Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты «Алдын ала келісім бойынша бір топ адамның есірткі заттарын аса ірі көлемеде сату» бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде.

Қолға түскендердің барлығы да Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ


comments powered by HyperComments
Close