ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан футбол Федерациясы футбол құрамасының қазақстандық ұшақтарды неліктен пайдаланбайтынын түсіндірді

Қазақстанның футбол Федерециясы неліктен құрама еуропалық бағыттардағы қазақстандық авиа желілерінің ұшақтарымен ұшпайтынын түсіндірді.

Футбол Федерациясының берген мәліметінше, отандық авиакомпаниялардың ішінде Еуропаға ұшу рұқсаты тек «Эйр Астана» авиакомпаниясында ғана бар екен. Федерация бірнеше мәрте «Эйр Астана» компаниясымен Қазақстан құрама командасын чартерлік рейстермен тасымалдау мәселесіне қатысты келісімсөздер жүргізген.

«Алайда өкінішке орай «Эйр Астанада» чартерлік рейстерді орындау үшін бізге ұшақ бөлуге мүмкіндігі жоқ, сондықтан біз басқа елдердің авиакомпанияларына жүгінуге мәжбүр болдық. Әдетте ол көршілес елдердің авиакомпаниялары, яғни Өзбекстан, Ресей, Армения, Грузия елінікі. Алматыдан Буxарестке және Астанаға қайтып оралу бағыты рейсі үшін ең жақсы баға-сапа үйлесімділігі бойынша өзбек авиа желілері ең ыңғайлысы болды», -дейді Федерацияның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, құрама команда чартерлік рейстермен тек тұрақты рейстерде тікелей ұшуды ұйымдастыруға мүкіндік болмаған жағдайда ғана ұшады екен. Мысалы Варшавадағы матчқа құрама польшалық авиакомпанияның тұрақты рейстерімен ұшқан. Ол компания Федерацияның өтінішімен Варашавадан ұшу уақытын құрамаға ыңғайлы уақытқа ауыстыруға келіскен. Черногория құрамасымен кездесуге біздің құрама команда армян авиа желілерінің ұшағымен жеткен екен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының өзбек әуе көліктерімен Румынияға ұшқаны жайлы әлеуметтің желілер мен кейбір ақпараттық ресурстарда ақпараттар тараған болатын.

Осған байланысты Федерация ашықтық және шынайылылық қағидаларын ұстана отырып, кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін жеткізеді.

 

Close