ЖаңалықтарСпорт

Қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында жаһанның үздік балуаны анықталды

Қазақ күресінен Әлем чемпионаты 28 қазанда басталған болатын. Оған әлемнің 40 жуық мемлекетінен 170-тей балуан қатысты. Жарыстың бірінші күні боз кілемге 55, 82, 90, 100 және 100+ келі салмақтағы балуандар шыққан. Жарыстың екінші күні 29 қазанда 60, 66, 77 және абсолюттік салмақтағы спортшылар белдесті.

74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов Қазақстан қоржынына алтыншы «алтынды» салды. Ол финалда кубалық балуан Тарлос Исраилмен белдесті. Қос балуан алғашқы минуттарда бір-бірін аңдып, күресті сылбыр бастаған болатын. Алайда, өз елінде жеңісті қолдан бермеуге тырысқан отандасымыз соңғы минуттарда бар күш-жігерін салып, ұпай санымен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені сыйлады. Бұл екінші жарыс күнінде жеңіп алған үшінші алтын медаль. Жалпы қазақ балуандары әлем біріншілігінде 6 алтын, 1 қола медаль еншіледі.

Абсалютты салмақта грузин түйе балуаны Гуга Кибордзайдзе бас жүлдені иеленді. Финалда Гуга Кибордзайдзе тәжік Дадахон Құрбанәлиевпен күресті. Қос балуан бір-бірін ала алмай, ұзақ уақыт алысты. Алайда соңғы минуттарда Гуга Кибордзайдзе қарсыласынан басым түсті. Осылайша грузин түйе балуаны абсалютты салмақта әлем чемпионы атанып, бас жүлдеге тігілген 5 мың АҚШ долларын жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақ күресінен әлем чемпионаты екі жылда бір өткізіледі. Биылғы чемпионаттың жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары көлемінде. Байрақты бәсекеге қазақстандық мамандармен катар Ресей, Польша және тағы баска мемлекеттен келген халықаралық дәрежедегі төрешілер қазылық етті.


comments powered by HyperComments
Close