ЖаңалықтарМәдениет

Париждік көрермендер «Қыз Жібек» қойылымына қошемет көрсетті

Париждегі әйгілі «Le Trianon» театрында «Astana Musical» театрының этно-фольклорлық мюзиклі «Қыз Жібек» қойылымында париждік көрермендер әртістердің шеберліктеріне ерекше қошемет көрсетті, деп хабарлайды Елорда инфо ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен гастрольдік сапар басталды. Еуропаның бес елінде өтетін еуротур Парижден бастау алды.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік», – дейді «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.

Еуропадағы бұл шетелдік тур – «Astana Musical» жас театрының тарихындағы жаңа белес. Қазақстан құрамасының экскурсиялары Еуропаның Берлин (Германия), Париж (Франция), Вена (Австрия), Брюссель (Бельгия), Мәскеу (Ресей) қалаларында өтеді.

 

Жас қазақ театры Париж тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сыйлады. Көрермендердің айтуы бойынша, қойылымның ұлттық нәзіктігі бірден сезіледі, қазақ мәдениетін айрықша ерекшеліктерімен айшықтайды.

Спектакльді тамашалаудан кейін көрермендер қазақ халқының поэтикалық мұрасын өзінің алуан түрлілігімен және сұлулығымен жаулап алғандығын атап өтті. Танымал қазақ әуендері мен әндерінің музыкалық дәйектемелерінен басқа, көрермендер халықтың бай мәдениетін – бата беру, жоқтау, айтыс сынды дәстүрлерімен танысты.

«Тіл кедергілеріне қарамастан, маған өте қатты ұнады. Мен ешқашан мұндай атмосферада болып көрмеппін. Мәдениеттеріңіз ғана емес, тарихтарыңызды да сезіне алдым. Спектакль ғажап. Бәрі де өте шебер және терең ойластырылған. Драматургия да, киімдер де ұнады», дейді франциялық театртанушы, режиссер Давид Чавлис Ассатиани.

«Қыз Жібек» –әлемдік әдебиеттің осы сияқты шығармаларының бірде-бірінен кем түспейтін сипаты тұрғысынан әдемі, қазақ фольклорінің жауһары. Махаббат гимні болып табылатын бұл шығарма халықтың поэзиялық мұрасының бүкіл ғажайыбын бойына сіңірген.

«Асқан сезімтал ұлттық колорит назарды баурап алады, қазақ мәдениетіне айрықша  әсер беріп тұрған – өзіндік ішкі дүниесімен және айқындығымен тартады. Керемет қойылым. Әртістер мен бишілердің орындауы соншалықты ғажап, айналаны түгел баурап, көңіл түкпіріне шейін жаулап алды», деп пікірімен бөліседі театр сыншысы, өнертану докторы Мари-Кристин Сирижол.

Еске салайық, «Astana Musical» театры 2016 жылдың маусым айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде ашылды. «Astana Musical» театрының репертуарында жаңа туындылармен байытылған, олардың әрқайсысы Астананың мәдени өмірінде айтулы оқиға болып, оның тұрғындары мен қонақтарын қуантуда. Спектакльден спектакльге дейін театр әртістерінің шеберлігі өсіп келеді, себебі жас талант зор ынта-жігермен Қазақстанда музыканың жанрын кеңінен таратуда.


comments powered by HyperComments
Close