Пластик бөтелкелерден жасалған мүсіндер Астанаға әр бермек

Стивен Сигель мен Luzinterruptus Астанаға келе жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.

17 маусымда Қазақстанның елордасына әлемдік жұлдыздар — Public Art – эко-арттың негізін салушы – рекайсл-мүсінші Стивен Сигель мен LUZINTERRUPTUS – ауқымды инсталляциялар мен қайталама шикізаттан жасалған жарық перфоманстарына маманданған анонимді көркемсурет тобы келеді.

Бұл топ жалпақ жұртқа Literature VS Traffic инсталляциялар сериясынан кейін танылды. Мельбурн мен Торонтодағы «кітап» өзендерінің фотосуреттері әлеуметтік желінің хиты болды.

«Астанаға Стивен Сигель мен LUZINTERRUPTUS Astana Art Fest фестивалі аясында келеді, онда олар өздерінің пластиктің озбырлығына арналған тұжырымдамалық жұмыстарын қояды. Пластикті бүгінде өркениетіміздің басты қоқысы деп атауға болады. 500 жыл – экологтардың айтуынша, пластик шіруі үшін осыншама уақыт қажет. Пластик қалдықтардың 40%-і – пластик бөтелкелер.

Ауқымды инсталляциялар үшін үлкен көлемде бір литрлік пластик бөтелке қажет, фестивальді ұйымдастырушылар астаналықтардың шараға қажетті материалды жинауға көмектесуін сұрайды – қала сіздердің көмектеріңіздің арқасында бірегей арт-нысандарға ие болады, қоқыстан тазарады!», — дейді перформанстың ұйымдастырушылары.

«АртФест басты мақсаттарының бірі ретінде экологиялық сананы тәрбиелеуді ұстанады, біз табиғатпен біргеміз, кез-келген салада осыны ұмытпауымыз қажет, қоршаған ортаның нәзік тепе-теңдігін естен шығармағанымыз абзал. Біз осы жылы фестивальға Стивен Сигель мен LUZINTERRUPTUS тобын шақырудың мүмкін болғанына қуаныштымыз – экологиялық мәселелерді шығармашылық тұрғыда ойлау идеяны барлығына бірдей жеткізуге көмектеседі. Экология абстракция болудан қалған кезде, күнделікті философияға, барлығының өмір салтына айналады. Астаналықтарды бөтелке жинау шарасына белсене қатысады деп үміттенеміз, ал біз өз тарапымыздан «озаттардың» Стивен Сигель мен LUZINTERRUPTUS тобының сыйлықтары мен қолтаңбасына ие болатынына кепілдік береміз!», – деп уәде етті Astana Art fest директоры Майра Измайлова.

Бөтелке жинау акциясы 22 мамырдан 20 маусымға дейін болады.

50-ден астам бөтелке әкелгендердің барлығына (көлемі 1L, 1,5L және 2L) ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар әзірледі: брендтелген эко-сөмкелер мен авторлардың қолтаңбасы қойылған дайын арт-нысандардың фото-ашық хаттары!

Бөтелке қабылдау орындары мына мекен жайларда орналасқан:

  1. Отырар, 18, д\к «Береке», «Береке спорт» 8 778 5043 786
  2. Жұбанов, 10, д\к «Астана Бәйтерек» 8 701 6578 533
  3. Абылай хан, 49\3, д\к «Жас қанат» 8 778 7129 489
  4. Сауран,12\1, д\к «Есіл» 8 702 6024 962

Қабылдау орындарының жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.