Назарбаевтың портреттерін жапсырылған саяжай иесі бұған дейін баспанасы үшін тиісті өтемақы алған

Шенеуніктердің айтуынша, Раушан Ұябаеваның сүрілген саяжайдан басқа да жылжымайтын мүлігі бар, деп хабарлайды Elorda.info Informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тұрғын үй басқармасының өкілдері Несіпкүл Ұябаеваның атындағы саяжай телімінің мемлекет мұқтаждығы үшін алынғанын, алайда әпкесінің оны босатудан бас тартқанын айтады.

Елорда әкімдігінің тұрғын үй басқармасы өкілдері үйді сүру алдында оның қабырғаларына Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттерін жапсырып тастаған астаналық тұрғынның шығарылуына байланысты түсініктеме берді. Шенеуніктердің мәліметіне қарағанда, бұл отбасы саяжай телімінде заңсыз тұрып келген.

«Астана әкімдігінің 2014 жылдың21 қазанындағы № 197-1769 қаулысына сәйкес, «Майский» с/т №188 саяжай телімі 240 орындық балабақша салу үшін мемлекет мұқтаждығына алынуға жатады», – деп хабарлады Астана әкімдігінің тұрғын үй басқармасы.

Мекеме қызметкерлері Несіпкүл Ұябаеаваның әпкесі Раушанға 2015 жылдың тамыз айында әділет департаментінің арнайы есеп шотына 4 706 843 теңге ақшалай өтемақы аударылғанын айтты.

«Аталған қаражат оны төлеу кезінде 25 000 долларға тең болатын және алынған мүлікке лайықты өтеу еді», – деді тұрғын үй басқармасы қызметкерлері.

Шененуніктердің айтуынша, үйге Назарбаевтың портреттерін жапсырған Ұябаеваның сүрілген саяжайдан басқа да жылжымайтын мүлігі бар.

«Бүгінгі күні Раушан Ұябаева Жамбылоблысында жеке меншік құқығы бар жеке үйде тұрып жатыр. Несіпкүл Ұябаеваның (сіңлісі – Авт.) меншік құқығында басқа жылжымайтын мүліктер — жер телімі мен пәтер бар. Олар — Астанадағы «Майский»с/т № 117 бақ телімі мен Жамбыл облысының Шу қаласындағы Қонаев көшесі, 10 үй, 21 пәтер мекен жайындағы жылжымайтын мүлік нысаны. Осыған қарамастан, Несіпкүл Ұябаева мемлекет мұқтаждығына алынуы тиіс нысанға ешқандай да құқығы болмаса да саяжай телімінде әлі тұрып жатыр және елорда әкімдігінен баспана алуға тырысуда», – деді Астана қаласының тұрғын үй басқармасының өкілдері.

Шенеуніктер мәселені реттеу шараларын қолға алып жатыр.