Өмір

Елордада иттер үйретілгендігі жөнінен сынақ тапсыратын болады

Сынақтан өткен жағдайда жануарларға «Қалалық үйретілген ит» атаулы куәлігі беріледі, деп хабарлайды Elorda.info.

Астаналық Тузиктер мен Бобиктер қала жағдайы өміріне бейімделу бойынша нағыз емтихан тапсыратын болады.
Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына сәйкес, сынаққа бір жасқа толған, дені сау иттердің барлық тұқымы жіберіледі. Үй асырандылары бөгде адаммен, велосипедшімен кездесу, жүріп келе жатқан бір топ адамның арасынан өту, жолдың көлік жүретін бөлігінен жанында жүгіріп бара жатқан адамдармен бірге өту, бөтен итпен кездесу секілді түрлі жағдайларға қалыпты жауап бере алатындығын көрсетуі тиіс болады.
Жаттығуларды жасау кезінде баллдар қосылмайды, иесінің әрекеттерінің дәлдігі мен иттің орындау машықтары бағаланады және«сынақ» немесе «сынақ емес» деп белгіленеді.
Сынақ жеті машықтың төртеуі бойынша оң нәтижеге қол жеткізілгенде өтті деп есептеледі.
Сонымен бірге, ит қауіпті мінез көрсететін болса сынақ тоқтатылады.
Тесттен сәтті өткен жағдайда жануарға «Қалалық үйретілген ит» курсын өткені туралы жеке куәлік табыс етіледі.


comments powered by HyperComments
Close