Елордада иесіз қалған үй жануарлары мәселелеріне арналған көрме ашылды

Астанада иесіз қалған үй жануарлары мәселелеріне арналған «Олар сезеді» атты қайырымдылық фоткөрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрме «Астананың қайырымдылар клубының» ұйымдастыруымен және «Құланшы» заманауи өнер Орталығының қолдауымен ашылды.

«Қазақстанда жануарлар мәселесі өзекті болып отыр. Оларға жауапсыз қарау деңгейі өте жоғары: күн сайын иттер мен мысықтарды көшелерден ғана емес, сонымен қатар, иесі салақ қарағандар да әкелінеді. Жануарларды алдымен әбден қорлайды, ақыр соңында оларды далаға тастайды. Біздің мақсатымыз – қоғамға мейірім мен махаббаттың маңыздылығын жеткізу. Жануарлардың да тіршілік иесі екендігін, оларға қамқорлық көрсету адамдардың міндеті екендігін еске салу», – дейді клубтың негізін қалаушы Гүлмира Әбдрашева.

«Олар сезеді» фотокөрмесі бейбітшілік пен келісім Сарайында «Құланшы» заманауи өнер Орталығында өтіп жатыр.