Елордада ең бақытты шырай мен әдемі күлкі таңдалмақ

Жоба EXPO көрмесін өткізу қарсаңында жаңа мәдени трендті қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Elorda.info.

Астанадаүздік фотосуреттер немес эскиз-идеялардың «Бақытты бейне, күміс күлкі» ашық байқауы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Smile Astana» жобасын жүзеге асыру аясында 17 мамыр мен 2 маусым аралығындаАстанада алғаш рет үздік фотосуреттер мен эскиз-идеялардың «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауы өтеді. Байқау мейірімді, ақжарқын, көңілдері көтеріңкі, жүзі жылы, сыпайы адамдардың бейнесін қалыптастыру, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға бағытталған», — делінген баспасөз хабарламасында.

Жоба Астана тұрғындары мен қонақтарының мәдениет дағдыларын дамыту, елордада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында жаңа мәдени тренд қалыптастыруды көздейді.

Байқау әкімшісі – Астана қаласының ішкі саясат басқармасы. Байқау бір кезеңнен тұрады және интернет-ресурстарда өткізіледі.

Қатысушылардың фотосуреттері мен эскиз-идеяларына қойылатын негізгі талап-шарттар: фотодағы немесе эскиз-идеядағы бейнелер астаналық мейірімді, ақжарқын, жүзі жылы, сыпайы адамдарды бейнелеуі тиіс және фотосурет міндетті түрде Астанада түсірілуі қажет, ал эскиз-идеяда елорда бейнесі, басты ғимараттар көрсетілуі керек.

Фото немесе эскиз-идея #ақжарқынастана немесе #smileastana хэштектерімен қойылуы шарт. Бұдан бөлек фотографияда немесе эскиз-идеяда Астана тұрғындары мен қонақтарында жоғары мәдениет дағдыларын қалыптастыруды қолдауға шақыратын өзекті немесе авторлық цитаталар жазуға болады. (Бұл пунктті орындау міндетті емес)

БайқауғаАстана қаласының интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге қосылуға  мүмкіндігі бар барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысуға ниет білдіргендер бар болғаны өздерінің суреттерін немесе эскиз-идеяларын міндетті түрде #ақжарқынастана и #smileastana хэштегімен әлеуметтік желілерде жариялауы керек.

Конкурс қазылары аталған тақырып бойынша ең үздік жұмыстарды таңдап алып, жалпы дауысқа салу арқылы жеңімпазды анықтайды.

Жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы жарнама конструкцияларында, Астанадағы LED-экрандарда, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Ұйымдастырушылар одан кейін жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы мерекелік шараларда безендендіруге пайдаланылатынын және өткізу барысында брендбуктарда қолданылатынын айтады.

Қызығушылық танытқандарбайқау ережесі менқазылар құрамы туралы ақпаратты, сонымен бірге смайлдарды әкімдіктің ресми сайтынан ала алады.