Өмір

«Әкелер одағы» елордадағы көлік жуатын орында тұрып жатқан отбасына көмектеседі

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі қаланың ішкі саясат басқармасының қолдауымен Исатай Таумашевтің отбасына көмек көрсету қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды Elorda.info әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жақын арада Таумашевтің отбасына көмек көрсетуге арналған ашық банк есеп шоты ашылады. Сондай-ақ, Исатайдың қазір жұмысқа орналаса алмай жүргені туралы да мәлімет бар. Бұл мәселе де таяу арада шешілетін болады», – деді «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қуаныш Жұматаев.

Исатай Таумашев 12 жасар баласы Ақниет пен 7 жасар қызы Инабат үшеуі екі жылдан бері Астанадағы көлік жуатын орында тұрып келеді. Исатайдың бұрынғы әйелі алимент төлейді, бірақ бұл қаражат пен оның жалақысы баспана жалдауға жетпейді. Қазір Таумашевтар «толық емес» отбасы категориясы бойынша баспана алу кезегінде тұр.

Таумашевтарға қаржылай қолдауға арналған қаражатты ДБ АО «Сбербанк» KZ58914012203KZ0044C есеп шотына аударуға болады.

Close