ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Сапар барысында Елбасы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ ферроқорытпа зауытының, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне алғашқы барған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге жететіні, бұл өнім Қытай Халық Республикасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталатыны баяндалды.

Ал екінші кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 430 мың тонна. Оның өнімін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ тұтынады.

Бұдан кейін Елбасы озық үлгілі Ultra-Clima инновациялық жүйесі қолданыла отырып салынған «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешенін аралады. Мемлекет басшысына осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шетелдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде айтылды.

 

Close