Мәдениет

«Жас қанат» байқауының жеңімпазы белгілі болды

Павлодарлық Мадияр Бақтияровән байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elorda.info.

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат-2017» республикалық байқауы мәресіне жетті. Павлодарлық Мадияр Бақтияров «Жас қанат-2017» байқауының жеңімпазы, бірінші сыйлық пен «Алтын қанаттың» иегері атанды.

Екінші сыйлық пен «Күміс қанатты» Бүркіт Жанай, үшінші сыйлық пен «Қола қанатты» IN CORO тобы иеленді.

«Алтын қанатқа» ие болу жолында Қазақстанның әр қаласынан 14 үміткер бақ сынады. Ақтық сайысқа 5 мықты шықты. Олар –талдықорғандық Анель Смаилова (18 жаста), петропавлдық Бүріт Жанай (20 жаста), өскемендік IN CORO тобы, алматылық Томирис Жанғазинова (15 жаста) және павлодарлық Мадияр Бақтияров (28 жаста).

«Жас қанаттың» тұңғыш байқауы 1992 жылы өткен болатын.

Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Сәкен Майғазиев, Жанна Саттарова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғаловалар әр жылдары осы байқаудың лауреаттары болған.

Теги

Статьи по теме

Читайте также...

Close
Close