Мәдениет

ТМД мемлекеттерінің эстрада жұлдыздары Астанада тегін концерт береді

1 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда ашық аспан астындағы Open Air шоу-концерті өтеді, деп хабарлайды Elorda.info Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жаздың алғашқы күнін осылай қарсы алады. Шара барысында ТМД мемлекеттерінен 30-дан аса танымал орындаушы өнер көрсетеді», — делінген хабарламада.

Концертке ВиаГра, MBand, Қайрат Нұртас, Глюкоза, Төреғали Төрелі, Макс Барских, МОТ, Натан, Жанар Доғалова, Айқын, Әли Оқапов, «Орда», «Формат», «Ninety one» топтары, белгілі украин әншісі Alekseev және басқалар қатысады.

 

Open Air концерті тегін өтеді, қазіргі заманғы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін шараны бәрі де тамашалай алады.

 

Отандық және шетелдік орындаушылардың қатысуымен ұйымдастырылатын Open Air шарасы Астанада осымен үшінші мәрте өткізілмек.

 

Концертке қатысушылар өнер көрсетер алдында балалар үйлерінде, ауруханаларда және Астана қаласының басқа да мекемелерінде қайырымдылық шараларына атсалысады.

 

 


comments powered by HyperComments
Close