Мәдениет

Сәуле Сүлейменова: «Целлофанның елу реңкі»

— 2014 жылы Артбатфест жылдық фестиваліне қатысқалы жатқанымда Игорь және Владислав Слудскийлер маған пластикалық пакеттерді қолданып, өнер туындысын жасауға болатынын айтып, қолдау көрсеткен еді. Ол кезде мен Астана мен Алматы арасында пойызбен жиі қатынап тұратынмын. Жазық даламен әрі-бері жүргенде сапарым далада қызғалдақтар жайқалып өсетін мезгілге сәйкес келсе ғой деп армандаушы ем. Бірақ қызылды-жасылды жайқалған далада пластикалық шөлмектер мен пакеттер шашылып жатқанын көріп, таң қала қарайтынмын. Дала – бұл Қазақстанның символы, біздің мақтанышымыз, барлық жерде пластикалық қоқыс шашылып жатса да, әрбір қазақстандық өзін даламен байланыстырады, сонымен мақтанады. Целлофан қалталар далада ұшып жүр, көкте қалқып, өсіп тұрған шөптер мен ағаштарға ілініп, кір-кір болып, жер-жерде жатады. Бір қызығы, олар еріп, жоқ болып та кетпейді. Міне, бұл біздің уақытымыздың символы!

Әр күні нан болсын, басқа болсын – біз дүкеннен бірдеме сатып алғанда бізге пластикалық пакет береді. Ол «маечка», қалың қалта немесе фирмалық, жарқыраған пакет болуы мүмкін. Әрбір үйде қол жуғыш раковинаның астында пакеттер умаждалып жатыр. Тіпті, үлкен кісілеріміз суреті бар, қалың пакеттерді ұзақ жылдар бойы сақтап, сонымен азық-түлік тасиды.

Алғашқыда, пакеттерді қалай қолдануға болатынын ойластыра бастағанымда мен осы пластиктің ештеңемен де жапсырылмайтынын байқадым. Ол тек жоғары температурада ерітілгенде ғана екінші бір пластикке жабысады екен. Сондықтан маған клей пистолет пен полигаль (қалың мөлдір пластикалық парақтар)қолдануға тура келді.

Бір жағынан қарағанда, ол қоқыс, бірақ оның мүлдем жоқ болып кетпейтініне қарап, ол пластикті қымбат металл немесе мұнайөнімінің, алтынның бір бөлігі деп қарауға да болады.

Пластик пакеттерден мөлдір түстен бастап, ақ, түрлі-түсті кемпірқосақ сынды, тіпті қара түске дейінгі барлық түсті табуға болады. Сол секілді, ондағы жарнама мәтінінде, бренд атауында және басқа да сыртында басылған ақпараттарда жазылған сөздерден неше түрлі ой, пайым бар. Мұның бәрі тура біздің өміріміз секілді, қилы-қилы, ащы да тәтті, күлкілі де қорқынышты, әдемі әрі сұрықсыз.

Сондықтан мен туындыммен даланы бейнелеуге тырыстым. Әр түрлі жағдайдағы, барлық мезгілдегі даланы көрсеткім келді. Дала өмір бастауының, биіктік пен төмендеудің, аспан мен жердің символы іспетті.

Сондай-ақ дала қалаға айналады және оны адамдар мекендейді.

Алматы қаласында Aurora Space-те 2017 жылдың 17 ақпанынан 23 наурызына дейін өтетін «Somewhere in the Great Steppe/Жел Устоять бы на ветре, прочищающем рёбра» фестивалі де осы тақырыпта.

2014 жылы менің ең алғашқы пластикалық жұмысымды біреулер жеке коллекциясына сатып алған. Мен бірінші рет Алматыда Артбатфестте өзімнің цаллофаннан жасаған туындымды көрсеткен едім. Ол пабликарт инсталляция көшеге қойылып, кейін сындырып кеткен. Кейінірек дәл сол жылы мен тағы бір көше инсталляциясын жасадым, бірақ аз уақыттан соң-ақ ол да әлдекімдердің қолымен тас-талқан болды. 2015 жылы мен өзімнің «Сиыр сауған апа» және «Үш келін» атты целлофан живописіммен  Венецияға барып, Why Self жобасына қатыстым. Кейінірек сол жұмысым Астанадағы артфестке қатысты. Ол кезде волонтерлар тобының  көмегімен пластик пакеттерден «Келинді» 6х4 метр өлшеммен үлкейтіп жасап қостық.  Ол фестиваль өткенше Алматыда Арбатта ілініп тұрды. Сол 2015 жылы мені Бішкектегі Орталық Азия америкалық университетінің жаңа оқу ғимаратына пабликарт жоба жасауға шақырды. Біз оны сол оқу орнының студенттерімен бірге жасап шықтық. Ол еңбекке ОААУ өзі араласқан  еді және күні бүгінге дейін бұзылмай сақталып тұр.

2016 жылы мен AstanaLine және Точка сборки атты басқа жобаларыммен жұмыс істеуді бастадым. Бірақ өткен жылдың соңына қарай арт-менеджер Тоғжан Сақбаеваның қолдауымен қайтадан бұрынғы целлофан живописіне оралдым. Соңғы айлардағы жұмысымның нәтижесі — «Somewhere in the Great Steppe» көрмесі.

Close