Астаналықтарды қаланы жаяу жүріп тануға шақыруда

Елордада жаяу серуендеу дәріптелмек, деп хабарлайды Elorda.info.
Осы сенбіде урбанистика Орталығы қала тұрғындарын Астанада жаяу серуендеуге шақырады.
«Сол жағалаудан оң жағалауға екі бағыт бойынша жүріп өтетін екі топ ұйымдастырылады. Қатысушыларға урбанистика Орталығының өкілдері жетекшілік ететін болады. Олармен бірге жол бойы өзіңізді қызықтырған мәселелерді талқылауыңызға болады», — делінген Орталықтың хабарламасында.
Шараның мақсаты — қаланы жаяу жүріп тану, пікір алмасу және жаяу жүру мәдениетін дәріптеу.
Серуеннің басталу уақыты шамамен — 11:00.
Толық мәлімет алу үшін 8-778-347-07-63 телефонына хабарласуға болады.
14 мамырдан бастап әр жексенбі сағат 10:00-де елорда тұрғындары мен қонақтары астананың «Астаналық», «Жерұйық» және «Студенттер» секілді үш бірдей саябағында «Fitness Park Astana» спорттық-бұқаралық шарасына қатыса алады.
Жаттығуларды кәсіби жаттықтырушылар CrossFit, Zumba, бразилиялық джиу-джитсу, combat battle және йога секілді бес бағыт бойынша өткізеді.