Мәдениет

Астанаға Мысыр циркі келе жатыр

Мамырдың 20-сы мен маусымның 18-і аралығында астаналық цирк аренасында Мысырдың еңбек сіңірген артисі Хамада Кутаның жетекшілігімен аты аңызға айналған «10 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционы көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Elorda.info.

«Бүгінде оның есімі бүкіл әлемге танымал, ал оның қойылымдары көрермендерді баурайды. Хамада Кутаның цирк династиясына 169 жыл», — делінген қалалық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының хабарламасында.

Бүгінде бұл циркте әлемде ешкімнің қолынан келмейтін бірегей трюктер орындалады. Мысалы, «Күн» аттракционы, арыстандар орындыққа сүйеніп, екі аяқпен айналып жүреді.

Қойылым қонақтарын әуе гимнасттары, жонглерлар, акробаттар мен көңілді сайқымазақтар қуантпақ.

Бұдан басқа, бағдарламада Ресей мен Еуропа фестивальдерінің алтын жүлде иегерлері, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген бірегей трюктің жалғыз орындаушысы Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу циркінің артистері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, қонақтар акробатикалық трюктер мен ерекше заттармен жонглерлеудің симбиозын – кәсіпқой цирк артистері, халықаралық фестивальдер мен еуропалық жоғары наградалардың иегерлері Иван және Татьяна Романовтардың орындауындағы диаболомен Love story-акробаттарының өнерін тамашалайды.

Мұнымен қоса, көрермендер алдында әуе гимнасттары өнер көрсетеді: олар тәуекелге бел буып, ешқандай сақтандырусыз цирк күмбезінің астында 10 метрден артық биіктікте күрделі трюктерді орындайды.

Қойылым сенбі және жексенбі күндері сағат 16:00-де өтеді.

 

 


comments powered by HyperComments
Close