Астанада «Бәрі де ән айтады» караоке чемпионаты өтеді

«Жастар» сарайының бастамасымен елорда әкімдігінің қолдауымен өткізілетін шара үшінші рет өз тыңдармандарын қуантпақ. 18 жастан асқан азаматтар музыкалық білімінің бар-жоқтығына қарамастан басты сыйлық – Астана әкімінің кубогына таласа алады, деп хабарлайды Elorda.info.

Чемпионатқа қатысу үшін кастинг 19 мамырда сағат 17.00-де «Жастар» сарайында өтеді, конкурсанттар өздерінің сүйікті бір әнін орындауға тиіс. Бірінші іріктеуден өткен вокалистер кәсіпқойлармен дайындалады, олардың тренингтері мен шеберлік сыныптарына қатысады. Бұдан басқа қатысушылар отандық жұлдыздармен кездеседі. Сонымен қатар, чемпионатқа қатысушылар екі іріктеу турынан өтеді, содан кейін жартылай финал мен финалда бақ сынайтын болады.

«Халық» караокесіне қатысушылар үш топқа бөлінеді, оның әрқайсысы бойынша жеңімпаз анықталады, Әкімнің кубогы ең көп балл жинап, топ жарған әншіге табысталады.

Чемпионаттың бірінші және екінші іріктеу турлары 10 және 24 маусымда, жартылай финал мен финал 5-6 шілдеде Елорда күнін мерекелеу және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін күндері ұйымпдастырылады.

Еске салайық, караокеден «Бәрі де ән айтады» чемпионаты алғаш рет елордада екі жыл бұрын өткен болатын. Ол кезде қатысуға 200-ден аса өтінім қабылданған. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Нұрлан Төкенов, Денис Ни және Милана Серікова жеңімпаз атанды. Жас талантты орындаушыға Астана әкімінің кубогы табысталды. Өткен жылы чемпионатқа қатысушылар қызыл алашамен жүріп өтіп, өз әсерлерімен бөлісті.