Мәдениет

Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Марапат актер әрі режиссёрге мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін және оның 80 жылдық мерейтойына орай беріліп отыр, деп хабарлайды Elorda.info.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімовті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың Twitter-дегі аккаунты.

Атақты әртістің мерейтойы құрметіне Алматыда оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Зеркальных дел мастер» атты деректі фильмнің қазақ тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесер көрсетілімі болды.

Қазақстанның Еңбек Ері – Қазақстан Республикасының «Алтын Қыран» ордені мен «Халық Қаһарманы»атағы секілді ең жоғарғы марапат.

Ол елдің экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы жоғары жетістіктері үшін беріледі. 2008 жылдың 1 желтоқсанында тағайындалған.

Close