Жүз астаналық жас полицей үйлі болды

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынының  25-жылдығын атап өту қарсаңында  Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы ІІД жас қызметкерлеріне арналған, жаңа ғимаратта орналасқан жалпы аумағы екі мыңнан астам шаршы метрді құрайтын казармалық типтегі жатақхананың ашылуы болды, деп хабарлайды Elorda.info.

Жас полицейлерге жатақхана кілттерін салтанатты түрде Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тапсырды.

«Біз бұл жерде қызметкерлеріміздің жайлы тұруына барлық жағдайды жасауға тырыстық, бір жағынан әлеуметтік-тұрмыстық, тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек болып, елордадағы қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет атқаруға жақсы демеу болады деп ойлаймын»,- деді Амантай Әубәкіров.

Жатақхананың кең әрі жарық бөлмелерінде 100-ге жақын елордалық департаменттің жас қызметкерлері орналастырылатын болады. Олардың қолдануына тұрмыстық техникамен жабдықталған ас бөлмелер,  жуынатын және дем алатын бөлмелер берілді.

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция Полкінің полиция кіші сержанты Іңкәрбек Балағазы барлық қызметкерлердің атынан сөз сөйлеп, жас қызметкерлер үшін жатақханада тұру  болашақ отбасы үшін жеке үй алуға жалақыдан қаржы жинауға мүмкіндік беріп, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік міндеттерді атқаруда үлкен көмек береді деді.