Қоғам

Той емей, немене?

– Аға, сәлеметсiз бе! Бiзге сiздiң көмегiңiз керек болып тұрғаны. Газетке қажет бiр ақпараттар алсам деп едiм…
– Әрине, еш қарсылығым жоқ. Бiрақ, той келе жатыр ғой. Мүмкiн содан кейiн хабарласарсың…
– Тойдан кейiн дейсiз бе? Жарайды, аға, рахмет!
…Наурызға бiз көп мерекелердiң бiрi деп қараймыз. Расында, «Наурыз мейрамы», «Наурыз мерекесi» деген тiркестер жатталып қалған санамызда. Бiрақ, Наурыз – расында, той емес пе? Мұқағали ақын да кеше «Наурыз тойы болғанда… » деп жырламап па едi?!
Көркем әдебиеттiң өкiлi емес, Астана қалалық сотының апелляциялық сатыдағы сот алқасының қылмыстық iстердi қарайтын судьясы Жақсылық Алхаминнiң әлгi айтқан сөзi менi осындай ойға қалдырды. Расында, бiздiң елiмiзде қазiр 8 ресми мереке, 12 атаулы күн бар. Бiрақ, Наурыз – көп мерекенiң бiрi емес. Бұл – халықтың қалаулы тойы.
P.S.
Құзырлы мекемеде iстейтiн ағамыздың Наурызды ТОЙ деп атағаны құлаққа бiр түрлi жылы естiлдi…

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.