Қоғам

Сенбілікке Астананың 100 мыңнан астам тұрғыны шығады

Қазақстан елордасында қаланы абаттандыруға байланысты экологиялық айлық жалғасуда, деп хабарлайды Elorda.info.

Ертең Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді.
«Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды уақытылы үйлестіру мақсатында 29 сәуір мен 13 мамыр күндері елордада «Біз таза қала үшін!» жалпықалалық сенбіліктерді өткізу жоспарланып отыр!», — деп хабарлайды қала әкімдігі.
Сенбілікке 100 мыңнан аса адам, 4 452 мемлекеттік мекеме қатысады деп жоспарланып отыр
Қаланы тазалауға 425 дана арнайы техника тартылады.
«Сенбілік барысында қаланың аумағын санитарлық тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу, аулаларды және орамішілік аумақтарды абаттандыру, шағын архитектуралық формаларды орнату, тротуарларды кеңейту жоспарланған», — деп атап өтеді әкімдік.

Close