Сәтсіздікке ұшыраған «Болашақтың мектебі – бүгін» жобасына 260 млн теңге жұмсалған

Тексеру Астанада бюджет қаражаттарын жұмсауда кемшіліктерге жол берілгенін анықтады, деп хабарлайды Elorda.info.

Бюджет қаражатына жұмсаудағы кемшіліктер туралы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында мәлім болды.

Қалалық тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаштың айтынша, 2012-2014 жылдары «Болашақтың мектебі – бүгін» есепке алудың кешенді жүйесі» жобасы жүзеге асырылған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 260,1 млн теңге бөлінген. Осы жобаның арқасында елорда мектептерінің оқушылары электронды куәліктерге ие болуы тиіс еді.

Алайда тексеру аталған жүйенің талдау жүргізілген қаладағы он мектептің тек біреуінде ғана толығымен жұмыс істеп тұрғанын көрсеткен.

«Бір мезетте 2015 жылы «Astana Innovations» АҚ «Smart мектеп» жаңа қанатқақты жобасын бастаған. Оның да техникалық сипаттамалары «Болашақтың мектебі – бүгін» жүйесінің сипаттамаларымен бірдей. Тұтастай алғанда жұмыс істемейтін жобаларға 648 млн теңге жұмсалған», — деді комиссия төрағасы Ғалымжан Молдаш. Оның бұл сөздерін «Вечерняя Астана» газеті келтіреді.

Сондай-ақ, осындай сын-ескертпені қалалық тексеру комиссиясы «Astana Innovations» АҚ, «Астана LRT» ЖШС және «Елорда даму» ЖШС секілді квазимемлекеттік ұымдардың да атына бағыттады.