Салтанатты сарбаздар

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылғанына – 20 жыл.

Елiмiз егемендiк алып, еңсесiн тiктегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық әскердiң әлеуетiне ерекше мән бердi. Президент Жарлығымен 1992 жыл 16 наурызда Iшкi әскерлердiң шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы – Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды.
Содан берi қуатты Қазақстанның күштiк құрылымы күн санап артып келедi. Елбасы мен елiмiздiң ұлттық мақтанышына айналған элиталық құрылымның бүгiнi мен болашағын байқау үшiн сап түзеген сарбаз-дардың ортасына барып қайттық.
Қуатты елдiң бәрiнде айрықша әскери жасақтар бар. Бiздiң жасақ – Республикалық Ұлан сарбаздарына жүктелген жауапкершiлiк жүгi ауыр әрi салмақты. Аса маңызды нысандар мен тұлғаларды күзетiп, ел қауiп-сiздiгiн қорғауға қатысатын әскери құрылымның тарихы жиырма жыл iшiнде талай жетiстiктермен толық¬қан.

Алдыңғы шепте – АЙТУЛЫ жасақ

Астана қаласындағы Респуб¬ли¬калық Ұланның 0112 әскери бөлiмнiң штабында тек таңдаулылар ғана қыз¬мет етедi.
Оларға мемлекеттiк Ту мен Ел¬таң¬¬бବның эталондарын күзету, шет мемлекет басшыларын күтiп алу, шығарып салу, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсiм¬дердi орындау, мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiкке әсер ететiн құқық бұзушыларды тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртiпте төтен¬ше жағдай режимi кезiнде iс-шара-ларды жүзеге асыру тапсырылған. Сондықтан ұлттық әскер әрдайым ұлт басшысының назарында.
Республикалық Ұланның 0112 әс¬кери бөлiмнiң табалдырығын атта¬ғанда, штаб алдында сайдың тасын¬дай iрiктелген сайыпқырандар жауын¬¬герлiк өнер арқылы шебер¬лiктiң на¬ғыз мектебiн көрсетуде. Бiзге сымдай тартылған сарбаздар¬дың басы-қа¬сында жүрген «Рәсiм» батальоны Бiрiн¬шi құрмет қарауылы ротасының ко¬ман¬дирi Қанат Ис¬майловпен әңгiме¬лесудiң сәтi түстi.
Бiрiншi құрмет қарауыл ротасы аты айтып тұрғандай, тек алдыңғы шепте жүретiн сарбаздардың құры¬лымы екен. Елiмiзге келген шет ел прези¬дент-терi мен халықаралық ұйым¬дар¬дың басшылары дәл осы ұландарға қарап, Қазақстанның Қарулы Күшiн бағамдайды. Сон¬дық¬тан түр-тұлғасы келiскен, қайратты да сымбатты жi¬гiттер ғана таңдалып алынады. Рота командирiнiң айтуын¬ша, гвардияға қызмет ету кез келген азаматтың ас¬қақ арманы. Алайда, таңдаулы жа¬саққа тек талаптан өт¬кендер ғана iлi¬гедi. Табиғат – ана берген бойдан бө¬лек, бiлiм мен тәр¬биенi қатар ұштас¬тырған айбынды ерлер ғана асқан шыдамдылықпен абырой биiгiнен көрiне алады. Жас кезiнде өзi де әске¬ри борышын осы Ұланда абыроймен атқарған азамат, қазiр Бiрiншi құрмет қарауылы ротасының командир қызметiне табандылықпен жеткен.
– Қазақстанға iс-сапармен келген бiрiншi тұлғалардың алдында салта-натты сап көрсететiн сарбаздарым жүзден асады. Мейман ең алғаш та¬бан тiреген әуежайдан бастап, Пре¬зидент резиденциясы – Ақордада өте¬тiн салтанатты рәсiмдердi бiрiншi құрмет қарауыл ротасының сар¬баз¬дары атқарады. Жылына жүзден ас¬там шараларға қатысып, ұлттық әске¬рiмiздiң күш-қуатын көрсетiп келе¬мiз. Өзiм сарбаз кезiмнен осындай сапта өнер көрсетсем, ендiгi жерде өз сарбаздарыммен бiрге алдыңғы қа¬тарда тұрамын. Өмiрiмде тұңғыш Президентiмiздi екi рет ұлықтау рә¬сiмiне қатыстым. Бұл екеуi де мем¬лекеттiк деңгейдегi үлкен салтанатты рәсiм, осыны ойлағанда әскери өмiр¬дiң ауыртпалығын ұмытып кетесiң. Бiздiң қызмет – айбынды елдiң әске¬рiн өзгелерге паш ету, мықтылы¬ғы¬мызды дәлелдеу, ел мен Елбасының абыройын асқақтату,– дейдi ол.

Қуатты елдiң қорғаны
Туған елдiң тыныштығы мен бейбiт өмiрдi сақтау әу бастан-ақ қарулы күштерге сенiп тапсырылған. Жеке құрамның моральдық-психология¬лық ахуалы, құқықтық әскери тәртiп деңгейiнiң ұрысқа қабiлеттiлiгi және мiндет еткен тапсырмаларды орындау ұландықтар үшiн абыройлы қызмет.
Ұлан әскери бөлiмдерi Астана және Алматы қаласында мемлекеттiк деңгейдегi барлық iс-шараларды қам¬тамасыз етiп келедi. Өткен бiр-екi жыл iшiнде ұландық жауынгерлер Еу¬ропадағы қауiпсiздiк және ынты-мақтастық пен ұжымдық қауiпсiздiк шарт ұйымдарының, Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының сам¬митi, Елбасын ұлықтау салтанатын, Қысқы Азия ойындарының ашы¬луын, т.б. ауқымды да маңызды шара-ларды өткiзуге қатысты. Жиырма жыл¬ғы тарихы бар Республикалық Ұлан өмiрiнде мұндай шаралардың мол болғаны айтпаса да түсiнiктi. Сап¬тағы сарбаздардың бiрi – Рүстем¬бек Әлкеев Елбасы айтқандай, Қару¬лы Күштердiң алдыңғы қатарында жүргенiн мәртебе санайды. Байқаға¬нымыз, әрбiр ұландық, өздерiн ар¬мия¬¬ның негiзi деп бiледi. Оның даңқ¬ты дәстүрiн сақтаушы әрi жауын¬герлiк тәжiрибенi жалғастырушымыз дейдi.
Астана қаласындағы әскери бөлiм¬де қазiргi заманға сай инфра¬құры¬лым-дар салынып, сарбаздар өмiрiн одан әрi жақсарту жолға қойылған. Өз тарихында мемлекеттiк және мем¬лекетаралық деңгейдегi үш жүзге жуық iс-шараларды қамтамасыз етуде сарбаздардың еңбегi ұшан-теңiз. Әңгiме барысында iс-сапармен келген шетел басшылары келбетi келiскен ұландықтарға үнемi тәнтi болып жататынын сарбаздардың өз аузынан естiдiк.
Ұландықтар – жас әрi қуатты, мем¬лекетiмiздiң бүгiнгi бейнесi, халқы-мыздың зор мақтанышы. Мұндай же¬тiстiкке рәсiмдiк бөлiмшелердiң еңбегi сiңгенiн айтпасқа болмас. 2006 жылы Ресей үкiметiнiң шақыртуы¬мен Мәскеудегi қала күнiне қатысқан ұландықтар саптық шеру, қаруды меңгеру шеберлiгiмен таңғалдырған. Рәсiмдiк бөлiмшелердiң даярлық деңгейi АҚШ Мемле¬кеттiк хатшысы, Ма¬лай¬зия Королi, Қытай Халық Рес-пуб¬ликасының Төрағасы және басқа да көптеген мемлекеттер мен халық-аралық ұйымдар басшылары тара¬пынан жоғары бағаланған. Бұл ретте Республикалық Ұлан қолбас¬шылы¬ғы мен офицерлiк құрамның әскери және құ¬қықтық тәртiптi нығайтудың қазiргi заманғы және тиiмдi жүйе¬сiн жетiлдiрiп келетiнi бiздi қуантады.

Сейiлбек УСИН, Ұлы Отан соғысының ардагерi: Қорғанысымыз қайратты

– Бүгiнгi сарбаздарға қарап көңiлiм жайланады. Бiзге кiм керек? Әрине, ұлтының бетке ұстар, парасаты мен пайымы жоғары, күшi мен жiгерi мықты қорғаныс саласының әлеуетiн көтере алатын азаматтар керек. Қарулы Күштерге жиырма жыл толып отыр. Дегенмен, қазақ әскерiнiң тарихы әрiде жатыр. Тарихтан белгiлi, кезiнде ел басқарған хандарымыздың арнайы жасақтары болған. Оған тек ханға адал, күшi басым сарбаздар ғана қабылданған. Мiне, сол сарбаздардың бүгiнгi жалғасы Ұланның сарбаздары. Олардың жауынгерлiк өнерi, саптық жүрiс-тұрысы, киген киiмi де жоғары деңгейде деп бағалаймын. Қазақтың жас әрi күштi әскери құрылымына қарап, қауiпсiздiгiмiздiң одан әрi баянды болатынына сенгiм келедi.

Қайрат Жақсыбаев, Құрмет қарауылы ротасының сержанты: Ақордада ән айту – абырой

– 2008 жылы әскерге шақырылдым. Бiр жыл әскери борышымды өтеген соң, келiсiмшарт негiзiнде Ұланға қызметке қабылдандым. Үш жылдан берi қарауыл ротасының рәсiмдерiне қатысып келемiн. Астана әуежайы мен Ақордада салтанатты рәсiмдердiң алдыңғы шебiнде тұрамын. Президенттiк оркестрмен бiрге плац-концерттерге, Мәскеу қаласындағы фестивальдарға қатыстым. Ұлттық гвардияда қызмет ету – мен үшiн үлкен абырой. Елiмiздiң бас қаласы Астанада, оның iшiнде Ақордада елiмiздiң айбынды әнұранын талай рет шырқаудың өзi жанға қуат берiп, патриоттық сезiмдi одан әрi оятады. Менiң ойымша, Республикалық Ұлан жауынгерлерi Отанды сүю, оған адал қызмет ету деген ұғымдарды терең түйсiнедi. Өйткенi, Елбасы мен халыққа риясыз қызмет етуге серт берген тәуелсiз ел ұландарының басқаша ойлауы мүмкiн емес. Республикалық Ұлан қатарына қосылған күннен бастап жас сарбаздың санасына осы ой сiңiрiледi. Бiздер салтанатты сап түзеу арқылы қазақ жауынгерi бейнесiн сомдап келемiз. Ең бастысы – Қазақстан халқы мен Президентiнiң қамқорлығына нақты iспен жауап беремiз.