ҚоғамӘкімдік

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін елордалық ардагерлер кеңесі қолдайды

Ардагерлер сөзінше, маңызды оқиға Қазақстанның алға қадам басуына, Еуропаға жəне ғаламтордың дүниежүзілік желісіне жол ашады.

Олардың пікірінше бұл ел тарихы үшін маңызды оқиға. Латын əліпбиіне көшу ел азаматтарына бір қадам алға басуына мүмкіндік береді. Адамдар шетелде жүріп еркін бағыт-бағдар таба алады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов Президенттің бұл бастамасын толығымен қолдайды. -Сөзсіз, мен Елбасыны қолдаймын Біздерге, ардагерлерге жаңа əліпбиді үйрену қиын болады. Бірақ біз меңгеруге тырысамыз. Өйткені бұл мемлекет игілігі үшін аса қажет, — дейді ол. Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда қазақ əліпбиінің латынға көшуі бойынша жобасын құруды тапсырды.

Статьи по теме

Close