«Оратор» озды

Астана студенттерi альянсы Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттiк қорының кубогы үшiн қалалық жабық дебат турнирiн ұйымдастырды.

16 командадан 300-ге жуық студент қатысқан шара қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде өттi. Екi күнге созылған сөз бәсекесiнiң қазақ, орыс, ағылшын лигаларында бiрiншi орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң «Оратор» клубы жеңiп алды.