Қоғам

Израильдік дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесімен бөліседі

Елордада №1 қалалық аурухана базасында «XIXғасырдағы шұғыл медицина жүйесінің интеграциясы – Астана 2017» атты халықаралық оқу-тәжірибелік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.
Израильдің «Global Medical Service» компаниясының мамандары астаналық әріптестерімен шұғыл медициналық көмек көрсетудің озық тәжірибелерімен бөліседі.
«Аталған шараның негізгі міндеті –шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыру», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Семинар барысында шетелдік мамандар елордалық шұғыл травмотология дәрігерлерін ATLS жүйесі бойынша оқытады, шұғыл медицинадағы инновациялық құралдармен таныстырады, сондай-ақ зардап шеккендерді госпитальға дейінгі және госпиталь деңгейлерінде емдеудің тәжірибе сабақтарын өткізеді.

Close