Қоғам

Гүлнар Қожабаева, №4 қалалық емхана меңгерушiсi: Қарияларға қамқорлықпен қараймыз

Елiмiздегi ардагерлер ұйымының құрылғанына биыл ширек ғасыр болған екен. Осы орайда, Астана қалалық ардагерлер кеңесi мен Денсаулық сақтау басқармасы бiрлесiп, №4 қалалық емханада дөңгелек үстел отырысын өткiздi. Шара барысында қариялар мекеме басшылығына көкейлерiндегi сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Емхана iшiн аралап, ондағы қызмет көрсету мүмкiндiктерiмен танысты. Жиынға ат басын бұрып, емхана меңгерушiсi Гүлнар Қожабаеваға бiрнеше сауал қойған едiк…
– Гүлжан Мұратбекқызы, қарияларға қандай қамқорлық жасасақ та жарасады. Емханаларыңызда қарт кiсiлерге бағытталған артықшылықтарды атап өтесiз бе?
– Қарттар – қазынамыз ғой. Сондықтан, оларға табалдырығымыздан аттағаннан мүмкiндiгiнше жағдай жасап, тiркеудiң өзiн сапырылысқан қалың кезекте емес, оңаша қарасты¬рамыз. Зейнеткерлерге психологымыз, әлеуметтiк қызметкерiмiз қызмет көрсетедi. Сонымен қатар, арнайы орындары жайлы, теледидар, DVD құрылғылары орнатылған.
– Ал, жүрiп-тұруы қиын қариялардың тұрғын-жайына барып, ем-дом жүргiзу қаншалықты қолға алынған?
– Бүгiнде емханаға тiркелген 14900 қарт кiсiнiң жастары жетпiстен асқандарының басым көпшiлiгi – үйлерiнен аттап шығуы қиын жандар. Олардың үй-жайына әлгi әлеуметтiк қызметкерлерiмiз, медбикелерiмiз, бiлiктi дәрiгерлерiмiз арнайы барып, бақылау жүргiзiп отырады. Әрқайсысының денсаулығындағы кiнәраттармен жете таныспыз, тиiстi медициналық жәрдемдерiмiздi дер кезiнде көрсетiп тұрамыз. Әрқайсысына көзқарашығымыздай қараймыз.
– Мемлекет тарапынан тегiн бөлiнген дәрiлердi пайдалану деңгейi қалай және жеткiлiктi ме?
– Әрине, жеткiлiктi! Арнайы бұйрық бойынша, тегiн дәрiлер тiзiмi бар. Оларды қажет кезiнде жүрiп-тұруы қиын зейнеткерлердiң үйiне де жеткiзiп беремiз.

Close