Еңбекпен қамту қызметіне жүгінген астаналық жұмыссыздардың үштен бірі жұмысқа орналасты

Бірінші тоқсанда Қазақстан елордасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке төмендеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Қаңтар-наурыз айлары аралығында Астанадағы еңбекпен қамту қызметіне 4005 тұрғын жұмыс іздеп келген, деп хабарлады Elorda.info-ғақалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы.
«Олардың 2269-ы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 1375-іжұмысқа орналастырылды, бұл – жалпы жұмыс іздеушілердің 34,3%-і», — деп атап өтеді басқарма.
Сондай-ақ хабарламада 85 адамның әлеуметтік жұмыс орындарына, орта-арнайы оқу орындарының 233 түлегінің жастар практикасына жіберілгені айтылады. 894 адам қоғамдық жұмыстарға қатысуда.
Бірінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% төмендеді.
Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада еліміздегі жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі тіркелген — 4,6% (жоспарланғаны – 4,8%); аталған көрсеткіш республикалық деңгейден 0,4% пунктке төмен (республика бойынша – 5,0%).
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 2016 жылы4,8% (жоспарланғаны – 4,8%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,9% болды (жоспарланғаны – 5%).