Қоғам

Еңбек арқауы – Елбасы

ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасында Журналистер одағы мен Президент сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденiнiң иегерi, публицист Айтбай Сәулебектiң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмiрбаяны iзiмен зерттелiп жазылған «Елбасының алтын бесiгi» және «Золотая колыбель Президента» атты тарихи-деректi кiтаптарының тұсауы кесiлдi.
Шараға Парламент депутаттары және Елбасымен бiрге 1958-1960 жылдары Украинаның Днепродзержинск қаласын¬дағы №8 техникалық училищеде оқыған, одан кейiн Қазақстан магниткасы атанған Қарағанды металлургия комбинатында еңбек еткен әрiптес-достары қатысып, автор еңбегiне пiкiр бiлдiрдi. Мемлекет басшы¬сының сыныптасы Сәдуақас Есiмбай: «Мен өзiм Нұрсұлтанның балалық шағы жайында кiтап шығарған кiсiмiн. Айтбай Сәулебектiң кiтабы Елбасының Украина мен Темiр¬таудағы өмiрiн бейнелеуге арналған екен. Бұл еңбек осынысымен құнды болып отыр. Өйткенi, Мемлекет басшысының металлург боп жүргендегi және партия жұмысына араласқандағы кезеңiнiң шындығын ашып көрсеткен кiтап бiзде жоқтың қасы», – дедi. Бұдан кейiн Президентпен етене араласқан Төлеутай Сүлейменов, Кеңес Жалмұхам-бетов, Алтынбек Асанов сынды азаматтар Елбасы туралы кiтаптың тың деректерге толы екендiгiн жеткiзiп, алдағы уақытта бұл еңбектiң таралымын көбейтiп, республикаға кеңiнен тарату қажеттiгiн атап көрсеттi.
Өз кезегiнде А.Сәулебек кiтапты зерттеп жазуына және шығаруына қол ұшын созғандығы үшiн Қарағанды облысының бұрынғы әкiмi Серiк Ахметовке, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Нұрлан Нығматулинге, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановқа алғыс айтты.


comments powered by HyperComments
Close