Елордалық табиғатты қорғау полициясы абаттандыру ережелерін бұзушыларға қарсы күресті күшейтті

Елорда басшылығы құрылыс алаңдары мен участоктарының қаланы абаттандыру ережелеріне сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Elorda.info.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасын орындау барысында Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері елорданың аудан әкімдігі  аппараттарының мамандарымен бірлесіп қаланың абаттандыру ережесінің талаптарына сәйкес құрылыс алаңдары мен учаскелерінде күнделікті жұмыстар жүргізуде.

«Биылғы жылдың 16 мамырында Астана қ. «Есіл» аудандық ІІБ  табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылындағы  «Хайвилл парк» тұрғын-үй құрылыс нысанының іргелес аумағындағы тұрмыстық қоқыстар уақтылы тазартылмағаны үшін «Нighill Kazakhstan» ЖШС  «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бабы бойынша жауапкершілікке тартып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салды», — деп хабарлады Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 93 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылған. Оларға барлығы 6 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.