Елордалық салтанат қақпасында көру алаңы ашылады

Оныншы мамырда Астанада «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасында көру алаңы ашылады, деп хабарлайды Elorda.info 
Монументтің ішінде заманауи өнердің көрме галереясы орналасады.
«Ол«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы тұжырымдамасының мәнін ашатын Қазақстан тарихы туралы еңбектер мен тақырыптық роликтерді көрсетуге арналған мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.