Елордалық оқушылар пайдалы терминаторлар жасауда

Алдарыңызда тұрған — елордалық №60 мектеп-лицейінің алтыншы сынып оқушысы, информатикадан республикалық олимпиада жүлдегері Ярослав Князев. Ол Астанадағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды армандайды, деп хабарлайды Elorda.info.
«Мен ешқашан жол ережесін бұзбайтын робот-автокөліктің моделін жасадым. Машинаны «Лего» конструкторынан құрастырдым, одан соң роботтың әрекеттерін толығымен бақылауда ұстайтын компьютерлік бағдарлама жасадым. Ол ешқашан да жаяу жүргіншіні соқпайды, оның белгі бергіш тетіктері адамдар мен заттарды сезеді, берілген бағыт бойынша қозғалады. Келешекте бағдарламаны қауіпсіз автобустарды барлық бала пайдалануы үшін жетілдіргім келеді», — дейді Ярослав Князев астана әкімдігінің «Elorda Aqparat» медиа-ресурсының тілшісіне берген сұхбатында.
№60 мектеп-лицейі – Астанадағы робот техникасы бойынша факультативті сабақ ұйымдастырылған орта мектептердің бірі.
№60 мектеп-лицейінің директоры Айман Дүйенова жаңа пән оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен ғылыми-техникалық білімін дамытуына және балаларды болашақ мамандығына бағыттауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Аталған пән бойынша факультативті курстар Астанадағы 70 мектепте енгізілген. Курстардың мақсаты – техникалық конструкциялау мен модельдеу машықтарын меңгеру, балалардың логикалық және критикалық ойлауын дамыту, топтар мен дәрістерде өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Ағартушы робот техникасы – механика, электроника, автоматика, конструкциялау, бағдарламалау және техникалық дизайн секілді пәндер саласында білім беретін жаңа өзекті педагогикалық технология.