Қоғам

Елордада екі көшеге ат беріледі

Астанадағы екі көшеге Әлихан Бөкейхан мен Иордания королі Хұсейн бен Талалдың есімдері беріледі, деп хабарлайды Elorda.info.

Бұған дейін аты болмаған бұл көшелер Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Иордания королі Хұсейн бен Талалдың есімі берілмекші болып отырған№31 көше (ұзындығы – 7,3 км) Шыңғыс Айтматов көшесінен бастау алып, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылдарымен қиылысады.

«Бұл ұсыныс 2016 жылы қыркүйекте Астананың ономастика комиссиясының отырысында қолдау тауып, былтыр қараша айында ел үкіметінің республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған болатын», — деп хабарлады қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев. Бұл жайында «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған.

№36 (ұзындығы – 4,8 км) және Еңбекшілер көшелерін біріктіріп, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан есімін беру ұсынылды.

2016 жылы Астанада 12 «аты жоқ» нөмірлік көшеге есім берілді, екі көшенің аты өзгертілді (Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдары).

2017 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстан елордасында жобалық нөмірлік аты бар 18 көше бар; олардыңтөртеуі «Алматы» ауданында, 12-сі «Есіл» ауданында, екеуі «Сарыарқа» ауданында.

Теги
Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.