Қоғам

ЭКСПО кезінде жұмыс істеу үшін елордаға өңірлерден бес жүз полиция қызметкері келді

Құқық қорғаушылар қызмет атқару тактикасы, тексеру жүргізу бойынша дайындықтан өткен, сонымен бірге шет тілдерін үйрену курстарында оқыды, деп хабарлайдыElorda.info.
ЭКСПO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу барысында Астанағааймақтық ІІД 500-ден астам қызметкері келді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
«Құқық қорғаушылар қызмет атқару тактикасы, тексеруді жүргізу бойынша дайындықтан өткен,сондай-ақ шет тілдері курсында оқыған және елорда аумағындағы құқық тәртібі мен жол қауіпсіздігін сақтауда Астана қаласы ІІД қызметкерлеріне көмектесетін болады», — делінген хабарламада.
ІІМ таяуда еліміздің ішкі істер министрінің орынбасары Е.Тұрғымбаевтың жеке құрам мен техниканы саптық байқау жасап, жабдықталуы мен ІІБ қызметкерлерінің сыртқы түр-тұрпатын тексергенін атап өтті.
«Келіп жеткен күш жаңа киім-кешекпен, бейнежетондармен, төс белгілері мен ағылшын және басқа да тілдердегі тілашарлармен қамтылды. Елорда аумағын шолу үшін қажетті техникалық құралдармен жабдықталған қосымша патрульдік автокөліктер жеткізілді. Жеке құрамға қызметтік этиканы мүлтіксіз сақтау, астананың тұрғындары мен қонақтарына сыпайы әрі ілтипатты болу, заң мен тәртіпті бұзуға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді», — деп атап өтті ІІМ.
Қызметке кіріскен жеке құрамның қызмет атқаруын күн сайын тексеру үшін ІІМ орталық аппараты қызметінің қызметкерлерінен комендантттық патруль құрылды.

Close