Қоғам

Дәстүрге жат болса, елге де жат

Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып, балақтарын шорт кесіп тастады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ­Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездескен кезде мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Елбасы бетін тұмшалап, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Сол себепті ол дәстүрімізге кереғар сақал қойып, қара жамылғандарға заңнамалық тұрғыдан тыйым салу керек екенін құзырлы орындарға тапсырды.

КӨПШІЛІКТІҢ СӨЗІН АЙТТЫ
Салафизм ағымының аса қауіпті екенін соңғы 10-15 жылдан бері зиялы қауым өкілдері айтып келеді. Мәселен, жуырда белгілі жазушы Дулат Исабеков Президентпен кездескенде осы мәселені көтерді. Оның айтуынша, еліміздегі діни ахуал өте күрделі жағдайда қалып отыр. Сол себепті ол бұл мәселеге айрықша көңіл бөлу керек деген пікірде. Ал Елбасының жат ағымға байланысты айт­қан сөзі көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Әйтсе де, кейбір азаматтар сақалын шамадан тыс өсіріп, хиджаб киген азаматтарға қандай да бір шара қолдану дұрыс емес деген пікірде. Соған қарағанда, олар салафизмнің аса қауіпті ағым екенін әлі түсінбеген тәрізді. Әйтпесе Елбасы ұлтымыз үшін аса маңызды тағдыркешті мәселе көтеріп отыр емес пе?

45

– Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп тастады. Сондай-ақ, бетін тұмшалап, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге де келмейді. Қазақ қара киімді кісісі өлген кезде киген. Әрине, кім не киемін десе, соны киюге құқылы деген сөз бар. Бірақ ол басқа нәрсе, мынау – әдейі­леп тұрып бізге қарсы шығатын, қазақты бөлетін әрекет. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе? Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты сақтауымыз керек. Ата-бабаларымыз атамзаманнан бері бөрік киген, ал келіндеріміз орамал тартып, аналарымыз кимешек киген. Жастарымыз бізге керек емес, ата-бабамыз­дан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің жағдайы қалай болады? Біз оған жол бермейміз. Мына тәуелсіз елді оларды талтаңдатып қою үшін жасап отырғанымыз жоқ. Бізге Қазақстанның бірлігі мен болашағы және өсіп-өркендеп, зайырлы мемлекет болмағы керек, – деді Президент.
Иә, бізге Қазақ елінің бірлігінің мықты, болашағының жарқын болмағы керек. Ал жат ағымның сойылын соғушылар, Елбасы айтқандай, қазақты бөлетін әрекет жасап отырғаны жасырын емес.

ГЕРМАНИЯДАН  ҮЛГІ АЛУ КЕРЕК
Шыны керек, Мемлекет басшысының жат ағымға қатысты айтқан пікірі көпшіліктің көңілінен шықты. Әйтсе де, кейбір адамдар сақал мен балақтан бұрын салафизмге тыйым салу керек екенін айтады. Мәселен, белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы хиджабқа заң бойынша ты­йым салу мүмкін емес деген пікірде.

Қайрат Жолдыбайұлы,  дінтанушы:

565656

– Бұл – еліміздің заңына да, халықаралық нормаларға да қайшы дүние. Мәселен, Димаш Құдайберген Қытайға барып өнер көрсеткенде, сахнаға қысқа балақты шалбармен шықты. Мұны әнші сән үшін жасады. Сондай-ақ, елімізде суретшілер мен жасы егде тартқан азаматтар сақалын ұзын етіп өсіріп алады. Бұған біз қалай тыйым саламыз? Алайда бетін тұмшалап алғандарға қатысты тыйым салуға болады деп ойлаймын. Өйткені қоғамның қауіпсіздігі үшін бетін бүркеніп алғандарға тосқауыл қою керек. Әйтсе де, бұдан да маңызды шаруаны ұмытып кетіп жатқанымыз өкінішті. Ол – елімізде салафизм ағымына ресми түрде тыйым салу мәселесі. Егер қауіпті ағымға нақты тыйым салынбаса, басқа шектеулердің ешқандай пайдасы жоқ деп есептеймін.

Осы ретте дінтанушының салафизмге тыйым салу керек деген уәжінің орынды екенін айтып өткен жөн. Егер салафизмге ресми түрде тыйым салынса, өрімдей жас жігіттердің сақалын сапситып, балақтарын шорт кесіп тастауы сап тыйылар еді. Сондай-ақ, ел аман, жұрт тынышта қара жамылған қыз­дардың да қатары аза­йып, жұртшылық оларға үрке қарамас еді. Өкінішке қарай, елімізде тыйым салынған «Хиз-ут Тахир» мен «Таб­лиғи-жамағат» сияқты салафизм ағымдарына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр.
Ал Германия Үкіметі өткен жылы салафиттік «Таза дін» ұйымына тыйым салып, топ мүшелерін жастарды радикализмге ұрындырды деп айыптаған болатын. Германияның Ішкі істер министрі Томос де Мезиердің айтуынша, бұл діни ұйым 140 жасты радикализмге ұрындырып, олардың Сирия мен Иракқа барып, экстремистермен бірге соғысуына себеп болған. Еуропаның қақ ортасында отырған неміс­­тердің өзі са­ла­физмге ты­йым салып отырғанда, біздің жайбасарлық танытуымыз – ақылға сыймайтын дүние. 666666666666666666

САЛАФИЗМ  ҚАУІПТІ ЕМЕС ПЕ?

Кейбір адамдар салафизм­нің аса қауіпті ағым емес еке­нін айтып, ақтап алғысы ке­леді. Бірақ та күнделікті өмір­де көріп жүргеніміздей, сала­фиттер намаз оқымаған ата-анасынан бас тартып, туған-туыстарымен араласпай кетіп жатыр. Мәселен, інісі ағасының үйіне барып, шәй ішуі мүмкін емес жағдайға айналды. Себебі жат ағымның жетегінде кеткен адам үшін намаз оқымаған бауыры кәпір болып саналады. Осының салдарынан бір ана, бір әкеден туғандардың арасындағы қарым-қатынас үзіліп, әртүрлі кикілжіңдер туындап жатыр. Ал дін исламда ет жақын адамдарыңнан бас тартпау керек екені туралы жақсы айтылғаны көпшілікке белгілі болса керек.

Жоғарыдағы мысал отбасының арасындағы ұсақ-тү­йек кикілжіңнің бірі болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де, Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған қанды қырғынды қалайша естен шығаруға болады? Құдай оның бетін ары қылсын, бірақ салафиттер еліміздің кез келген қаласында бүлік шығаруы мүмкін. Бұған министрдің сөзі дәлел бола алады.

Нұрлан Ермекбаев,Дін істері және азаматтық  қоғам министрі:

6666666

– Қазір біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзектісі – салафизм деген радикалды ағым. Дест­руктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды. Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз. Шетелдерден, белгілі бір шейхтардан белгі келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, Үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ.

767

Салафизм ағымының елімізге келіп, орныға бас­та­­­ғанына 15 жылдан асты. Содан бері зиялы қауым өкіл­дері аталған ағымның аса қауіпті екенін айтып келе жа­тыр. Алайда құзырлы орган өкілдері ол кезде мәселеге жіті мән бермеген тәрізді. Егер билік осыдан 15 жыл бұрын салафизмге тыйым салып, оның «көсемдерінің» аты-жөнін жария­лағанда, тап бүгінгідей елімізге қауіп төнбес еді. Алайда ештен кеш жақсы демекші, ­Президенттің пәрменінен кейін салафизмге тыйым салатын жолдар қарастырылатын шығар?


comments powered by HyperComments
Close