Қоғам

Бүгін Есіл өзенінде навигация ашылады

11 мамыр күні түсте Есіл өзенінің жағалауында (Тұран даңғылы 2 «Е», Сарыарқа көпірінің асты, «Кемелердің уақытша тұрағы» айлағы») тоғызыншы навигацияның ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Elorda.info
«2017 жыл навигациясының ашылуы Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының тәрбиеленушілеріне арналады. Шараға Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, қалалық басқармалар басшылығы мен мәслихат депутаттары қатысады», — деп хабарлады қалалық жолаушылар көлігі басқармасы.
Кеме жүретін жолдың қашықтығы алты шақырымнан астам.

Close