Қоғам

Астананың жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді

Жол жөндеу жұмыстары басталғалы Алматы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, Керей-Жәнібек хандар көшесінде ішінара бітті, деп хабарлайды Elorda.info.
Қазақстан астанасының жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді. Қазір асфальт жабынын ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Тиісті жұмыстар сәуірдің 15-інен 25-не дейін Алматы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жүргізілді. Бүгіннен бастап аталған бағытта көлік қозғалысы жандандырылды.
Сонымен қатар қалада жол жөндеудің келесі кезеңі басталды. 26 сәуірден 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Аталған жол учаскесінде қозғалыс шектеледі. Қала әкімшілігі көлік иелерінен жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол бағдарларын алдын ала жоспарлауға шақырады.
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігі Қабанбай батыр даңғылы бойынша су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстарын жүргізуде.
Желілер құрылысы ЕХРО-2017 аумағын ауыз сумен жабдықтауды және кәріз тармақтарынан су ағызуды үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тұтастай, ЭКСПО қалашықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.


Статьи по теме

Close