Қоғам

Астанадан – Баянауылға

Күн өткен сайын бәйгеге шабатын жүйріктей тыпыршып төрткүл дүние көз тігіп отырған «Экспо-2017» көрмесінің жайын ойлап алаңдайтынымыз рас. Қалың қонақтың ішінде қазақтың көрікті жерлерін көрем деп келгендерге қандай қызметіміз бар. Ел жүрегі Астанамен басқа өңірлерді байланыстыратын туристік бағыттардың сүрлеулері сараланып, ел тану, ішкі туризм, рухани туризм сияқты алтын арқаулы саяхат соқпақтары салынып болды ма деген ойлардың қылаң беруі заңды болса керек.

112

Оның шетіне шығу үшін Қазақстан Туристік индустрия одағының мүшесі Гауһар Жеңісбекпен сөй­лескенімізде, елорда қонақтарына қосымша ұсынатын бірнеше бағытты сайлап отырғанын айтты. Ол – іргеміздегі Көкшетау – Бурабай бағыты. Қарағанды, Қарқаралы өңірін көремін деу­шілерге де мүмкіндік бар екен. Шығыс Қазақстанның таулы бөктері де туристерге құшағын ашыпты. Дегенмен, туризм таңдауы түспеген көп жердің ішінде Баянауыл өңірі назардан тыс қалыпты.

Неге олай дегенімізде:  «Әлі күнге дейін Павлодар облысының турис­тік операторларынан ұсыныс түскен жоқ. Туризм саласындағы құзырлы мекемелер де бұл бағытты ескермей келеді» деп жауап берді. Қарап отырсақ, атамекенін бір көруге асығып, Арқаның сары белдерін сағынып келетін шетелдік қандастарымызды айтпағанның өзінде бір көрген жанға өшпес­тей әсер қалдыратын табиғи қазынамыз­ды сәті келіп тұрғанда бір көрсетпеу қиянат емес пе? Егер оның экономикамыз­дың дамуына да тікелей қатысы болса ше?! Көптеген мемлекеттер тек туризмнен қыруар ақша тауып, пайдаға батып отыр­ғанын білесіз.

 

Ендеше, туризм сүрлеуі Баянауылға неге жетпей отыр? Басқа басқа қазақтың Бұқар жырау, Жаяу Мұса, Мәш­һүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт, Қаныштары туған Баян­ауыл өлкесіне неге басымдық берілмейді? Бұл өлкенің жаратылы­сының өзі Жоңғар Алатауы мен Балқаштың, Көкшетау мен Шыңғыстың, Тарбағатай табиғатының бір-бірімен түйіскен тұсында орналасқан қасиетімен де көзтартары бар емес пе?!55555555

Оның себебін туризм инфра­құрылы­мының жоқтығына салмай, жағдайды өз көзімізбен көру үшін Баян тауларын бетке алған едік. Оған Екібастұз арқылы Павлодар жолымен төтелей немесе Қарағанды арқылы айналып та баруға болады. Жол жақын емес, бірақ даланың көркем табиғаты, жол ауырлығын білдіртпейді. Діттеген жерімізге ат терлетіп жеткенде аудан орталығының бір шетінен орап жатқан Сабындыкөл осы өңірдің жауһарындай көбікті суы жағаны ұрып жатыр екен. Жағасындағы қарағайлы орманы, таза ауа­сы мен табиғатына көзіміз тұнғанымен, қызмет сапасына қарап көңіліміз толмады. Өкініштісі, жағалау бо­йындағы бос жатқан оқушылар лагерьлері, демалыс орындары күтім көрмей қаңтарылып тұр. Оларды туризм нысанына айналдыру жергілікті атқарушы биліктің жоспарында жоқ сияқты. Керісінше, Сабындыкөлді жағалай палаткалар тігіп, жеке көліктерімен жеткендердің саны көп. Алды көлге қар­мақ салып балық аулап отырса, бала-шағаларымен суда шомыл­ғандары да жеткілікті.45454

Бұл жерлерде сервис мүлдем жоқ. Бар қажетіңізді бірнеше ша­қы­рым жүріп, қаладан таба­сыз. Ондағы қызметтің де қонақ күтуге арналмағанын бай­қадық. Сабындыкөлден қол созым жерде Бұқар жы­раудың туған жері, әрі «Ақсаң­нан биік тау болмас» деген толғауындағы Ақсаң тауы көрінеді. Тау­ға қарап, егер өңірді тағлымды туризмнің ордасына айналдырғысы келсе, алдымен осында өткен тұлғаларымызға қатыс­ты орын­дарды әспеттеп, елге көрсетуге дайындап, насихатын жеткізуі керек еді деген ойға қалдық. Алайда күнделікті тірлігінен асып кете алмай, жолдың нашарлығы секілді басқа да әлеуметтік жағдайлардың шыр­мауымен бұл өнегелі іс қолға алынбай отыр. Бәлкім, қазақтың арда туған арыстарын ұлықтауға құлықсыздығымыздан да болар. Содан да болар, арнайылап ат басын бұрып баратын6565

Бұқар жыраудан бастап, кешегі өткен Сұлтанмахмұт, Қаныштың іздерін де таба алмадық.  Ел шетіне жеткен соң, әрі үйден шыққандағы мақсаты­мыздың бастысы Ескелді ауылына бару еді. Мұнда қазақ тарихындағы қасиетті тұл­­ғалардың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі бар. Бұл – аңызы ел аузында жүрген, осы өңірдің маңдай тіреп іздеп келетін әулиесінің бірі. Іргесіне келіп, қасиетті жерге зиярат етпей кетуге болмайды. Олай дейтініміз, қазақ мәдениеті мен әдебиетінде, тарихында орны бөлек, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – халқымыздың ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы. Көзінің тірісінде-ақ әулие атанған Мәшһүрге зиярат етушілер өз елімізде де аз емес. Яғни, ішкі туризмнің рухани бөлігі үшін бұл – таптырмайтын бағыт.4444

Жұрттың айтуынша, Мәш­һүр Жүсіп Көпейұлы өлерінен бір жыл бұрын бейітін салдырып, «Мен өлгеннен кейін Ескелдіде ел болмайды, Жаңажолға жете алмайды. Адам адам­ға жақсылық істеу керек, мен өлсем де, шарапатым тисін және олар келгенде өзім де бір аунап жатам ғой. Сондықтан осы ыққы үйім солардың бекет үйі болсын. Тірі күнімде ыққы үйімді беретінмін. Мәшһүр өлген соң, далада қалып құрыдық қой демесін. Сондықтан бұл Мәшһүрдің мекені болсын, жолаушының бекеті болсын» айтыпты-мыс.3545

Сонымен, күн батпай дананың жамбасы ти­ген жерге де жеттік. Зия­рат етіп келушілердің саны көп екен. Шырақшының үйінен бөлек, тағы бір үлкен екі қабатты кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Келе сала қазақы салтымызбен, құрбандыққа шалынатын малды реттеп, төбенің басындағы кесенеге апаратын сатыларды санамалап, бейітке асықпай көтерілдік. Баспалдақтардың екі жағында ақынның өлеңдері жазылған тас тақта орнатылыпты. Әрбір сөзі жүрекке жетіп, ойыңды тербейді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдан бері бірнеше өзгеріске түсіп, қайта жаңартылған кесененің бүгінгі қалпы көңілге қонады. Мұнда әруақ сыйлайтын дәстүр қалыптасып, осы өңірдегі үлкен-кішінің зиярат етіп келетін қасиетті жеріне айналыпты. Айтатыны жоқ, әулие­лі жер берекелі болады ғой, ассимиляцияға ұшыраған қазақтарды түпкі бастауларына, өз дәстүріне бастаған күштей қабыл алдым.4

Мүмкін алдағы уақытта ескерілетін болар, мұнда Мәшһүр атамыздың мол мұрасына қатысты материал­дармен таныса алмадық. Асығыс келіп-кетіп жатқан жұрт атамыздың мұрасына қанығып, рухани дүниесі жаңғырып қалар еді. Қасиетті жерден тәбәрікке алып кететін де ештеңе қарастырылмаған. Егер аузында «құлқуалласы» болса ештеңе емес, құран ба­ғыштаудан хабары жоқ жан болса, онда оларды қарсы алып, құран оқып отырған ешкімді көрмедік. Мәшһүр Жүсіптің ұрпағымын деп таныстырған  жігіт шаруашылыққа қатыс­ты жұмыс­тардан артылып жатқан жоқ. Егер жөн білетін бір ақсақал басында отырып, осы өңірде өткен жайсаңдар жайында айтып, өлкенің өткен тарихымен таныстырып отырса, жарасымды болар еді.11

Мұндай дәстүр Түркістан өлкесіндегі қасиетті бабалардың басында жөнге қойылған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының баршаға ортақ мұрасы насихатталып, халқының жүрегінде ізгілік ұшқындарын жандыратын болса, нұр үстіне нұр болмас па еді?! Ардақты тұлғаның арманы да сол еді ғой?! Сонымен, Астанаға келген қонақ бірегей Баянауылға бара ала ма? Әрине, ниеті болса… Бірақ жол даңғыл, жағдай жарқын деу қиындау. Жергілікті билік туризм саласын жандандыруды қолға алмаса, ертегі еліндегідей Баянауыл қиялда ғана қалып қояры ақиқат.23

Close