Қоғам

Астанада заңды таксилердің саны өсуде

Бүгін 2017 жылғы 2 мамырда Астана қаласының орталық алаңында «ZHeBe» брендімен қызмет көрсететін «TAXI ZHeBe» ЖШС мен «ЭКО такси» брендімен қызмет көрсететін  «Автотранс Хозу» ЖШС — на  «ASTANA TAXI» Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің  кілті табыс етіледі.

Жобаның басты мақсаты — Астана қаласында «ASTANA TAXI» бірыңғай  такси қызметін енгізу, соның ішінде заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күні жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай ақ, Экспо көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

Жобаның екінші кезеңі және қосымша қызмет көрсету түрлері қыркүйек айына дейін іске қосылады. Бұл қосымша тағы 300 автокөлік. Жолаушылар үшін «тегін WI-FI» қызметі ұсынылады.


comments powered by HyperComments
Close