Қоғам

Велосипед ұрлаушылар ұсталды

Ұрылардың арасында бір әйел бар, деп хабарлайды Elorda.info.

Елорда полициясының қызметкерлері бірнеше мәрте велосипед ұрлаған бір топ адамды ұстады.

«Астана қ. ІІД шұғыл басқару орталығының 102 пультіне Абай көшесіндегі үйдің кіреберісінен әлдебіреулердің сым арқанды құлыпты кесіп тау-спорт велосипедін ұрлап әкеткені туралы хабар келіп түсті. Тағы бір велосипед Сарыарқа даңғылынан ұрланды. Сонымен бірге, Күмісбеков көшесіндегі үйдің ауласынан спорттық велосипед қолды болды», — деп хабарлады сәрсенбі күні Астана ІІД баспасөз қызметі.

Велосипед ұрлап келген деген күдікпен 29 және 30 жастағы екі ер адам мен 29 жастағы әйел ұсталды. Барлығы да бұрын сотталған», — делінген хабарламада.

«Қазір ұсталғандардың төрт бірдей велосипед ұрлығына қатысы дәлелденді, заттай айғақтар тәркіленді. Тексеру жүріп жатыр, олардың осы секілді басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде», -деп нақтыладыполиция қызметі.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Close