Қоғам

Астанада субұрқақтар маусымы 1 мамырда ашылады

Елордада барлығы 122 субұрқақ бар, деп хабарлайды Elorda.info.

Оларды реконсервациялау жұмыстары 20 наурызда басталған болатын. Осы уақыт ішінде жылдың суық мезгілінде сыртқы әсерлерден қорғайтын фанералар алынды, тостағандар тексеріліп, қоқыстардан тазартылды, шамдалдар мен сорғылар ретке келтірілді.

Қалалық субұрқақтарға «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 150 қызметкері қарайды.

«Жарықты музыкалық қойылымдар қала тұрғындары мен қонақтарына бұрынғысынша елорданың сол жағалауындағы екі субұрқақта –Ақорда мен «Бәйтерек»монументі маңындағы субұрқақтарда қуаныш сыйлайтын болады. Барлық субұрқақтың жұмыс істеу уақыты – 8.00-ден 23.00-ге дейін», — деп хабарлады «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.