Қоғам

Астанада су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда

Елордадағы ахуал – тұрақты және биліктің үнемі бақылауында, деп хабарлайды Elorda.info.

Контрреттегіштен келетін тасқын судың көбеюіне байланысты газ аппаратурасы зауыты ауданы мен ағыстың төменгі жағында орналасқан қала аумағындағы жағалау бойын су басу қаупі туындаған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдік.
«Су басу қаупінің тууын ескеріп департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен, ұлттық гвардиямен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, су басуы мүмкін аймақтардағы нысандарды аула бойынша тексеріп шықты, жадынама мен хабарландыру таратты. Атқарылған жұмыстардың барысында тұрып жатқан адамдардың саны нақтыланды, тізімі жасалды», — делінген хабарламада.
Бүгінгі күні Газмашаппаратура мен қарттар үйі, Мехток, ЛПУ, мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан құрылыстар, ТБӨК с/о аудандарында жалпы ұзындығы 10 560 м болатын өзеннің жаңа арнасында жаға күшейту жұмыстары атқарылды. Жалпы ұзақтығы 3830 м жерге 20 мың қап құм дайындалып, қойылды.
Жұмыстарды ұйымдастырып, атқару үшін 1110 текше инертті материал, 20 мың данақап әзірленді. Жаға күшейту жұмыстарына жеке құрамнан 297 адам мен 141 дана инженерлік және қосалқы техника тартылды.
Қаладағы ахуал – тұрақты және үздіксіз бақылауда.


comments powered by HyperComments
Close